EN KZ TR Байланыс

I. Халықаралық түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресі



Конгресс туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен I. Халықаралық Түркi әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресі 2025 жылдың 13-14 наурыз күндері аралығында Түркістан қаласындағы университетіміздің кампусында офлайн және онлайн форматта өтеді.
 

Конгрестің негізгі мақсаты ‒ Түркі тілдес  елдердің  ғалымдары  арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жасыл энергия және экологиялық зерттеулердің дамуына ықпал жасау.
Бұл конгресс жасыл энергия және экология саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулерді бөлісетін және талқылайтын және ортақ болашақ үшін жаңа идеялар өркендейтін платформаны ұсынады.


 I. Халықаралық Түркі әлемі жасыл энергия және қоршаған орта ғылымдары конгресінің негізгі тақырыбы: «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы».
 

Конгресс жұмысының негізгі (секциялары) бағыттары:

-    Түркі тілдес елдердің экологиялық проблемалары.
-    Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату.
-    Экологиялық биотехнология және қолданбалы микробиология.
-    Жасыл энергияның болашағы және инновациялық технологиялар.
-    Жаңартылатын энергия, тұрақты даму және қоршаған орта.
 

Конгрестің «XXI ғасырдың экологиялық проблемалары және жасыл энергияның болашағы» негізгі тақырыбы аясында ұсынатын баяндамаларыңыз қазақ, түрік, ағылшын және басқа түркі тілдерінде қабылданады.

Іссапар шығындары және қонақ үй қатысушылар тарапынан төленеді. Конгресс кезінде түскі және кешкі аспен университетіміз қамтамасыз етеді.

Конгреске тіркелу, баяндама жіберу ecology.institute@ayu.edu.kz електронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

Конгресске қатысты сұрақтарыңызды ecology.institute@ayu.edu.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.